УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

Наурыз мерекесіне орай Біржан Исадилов атындағы ЖОББМ оқушыларымен өткізілген «Жүректен жүрекке» акциясы

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін қарттан бастап балаға дейін қуанышпен тосатынымыз белгілі. Ел болып, жұрт болып ерекше күнді тойлаймыз.

Сол сияқты, Наурыз мерекесіне орай Біржан Исадилов атындағы ЖОББМ оқушыларымен өткізілген «Жүректен жүрекке» акциясына «Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесінің директоры құрметпен шақырылып, аталған мектептің 6 сынып оқушысы Қабдеш Арманға ұстаздық тілегімен ұлттық аспап «домбыра» сыйға тартты.

Елдің болашағы, өсіп келе жатқан балаларымыз білімді, өнерлі, нағыз елдің патриоты болып өссін деп ақ батасын берді.

Фотография 1 Фотография 2

Фотография 1

 19 марта 2022